Цой ақылы вакцинаның шамамен қанша теңге болатынын айтты

cover

Тегін вакцина алғысы келмеген қазақстандықтар енді ақылы вакцина салдыра алады. Қазақстанға 2022 жылы алып келу шаралары ұйымдастырылатын ақылы вакцинаның құны Цойдың айтуынша, «қымбат емес».

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бүгінгі журналистер үкімет отырысына оффлайн форматта қатысып, отырыс аяқталған соң денсаулық сақтау министріне коронавирусқа қарсы ақылы вакцинаның бағасы туралы сұрақ қойды.

– Мен оны айта алмаймын, себебі бұл коммерциялық сегмент. Жалпы вакциналар қымбат емес. Басқа вакциналармен салыстырмалы түрде алып қарайтын болса шамамен 2 - 5 мың теңге аралығында болады. Сондықтан, бұл жерде коммерциялық сегментке байланысты қалай сатып алатынын ескеру керек болады, - деді Цой журналистерге.

Ол денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап ақылы вакциналарды жеткізу мәселесін пысықтай алатын Қазақстан аумағындағы негізгі дистрибьюторларды хабардар еткенін айтты.

Министр алдағы ақылы вакциналау тегін вакциналармен егілгісі келмейтін Қазақстан тұрғындары үшін «ұқсас балама» болатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар