Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуынан «Тайвань ізін» тапты
Фото: Orda.kz
Қазақстанның цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің жаппай таралуына Тайвань хакерлерінің қатысы барын хабарлады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«16 ақпанда GitHub ресурсында белгісіз біреулер қытайлық компанияның деректерінің тарап кетуін жариялады, онда қазақстандықтардың жеке деректері де бар. Тайваньдық хакерлер Қытай хакерлері деректерін бұзып, қытайлық хакерлер сақтаған материалдарды жариялады» делінген хабарламада.
Министрлік хакерлер қазақстандықтардың жеке деректерін жинау үшін бағдарламалық жасақтаманың осалдығын пайдаланды деп есептейді. Цифрлық даму министрлігі Қытайда шығарылған байланыс құралдары арқылы деректердің тарап кету нұсқасын жоққа шығарды.
Ақпан айында желіде Қытай хакерлерінің қатысы бар деген Қазақстан азаматтарының деректерінің көп мөлшерде тарап кетуі туралы ақпарат пайда болды.
Цифрлық даму министрлігі хакерлер қазақстандықтардың барлық деректеріне қол жеткізе алмағанын - оларды белгілі бір адамдар тобы қызықтырғанын мәлімдеді. Ведомство бұл шабуылға шет елдердің барлау қызметтерінің қатысы болуы мүмкін деген болжам жасады.
Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жариялауға шетелдік арнайы қызметтердің қатысы анықталмағанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?