Черчесовтің кеткені шындыққа жанаспайды: ҚФФ ресми мәлімдеме жасады

cover Фото: Instagram/kff_resmi

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесов туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы ҚФФ өзінің ресми инстаграмында ресми жазба жариялады. Олардың айтуынша, Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар шындыққа жанаспайды.

«Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді», деп мәлімдеді ҚФФ.

Федерация жалған ақпаратқа сенбей, тек қана ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сенуге шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар