«Челахтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі бар ма?»: Адвокат жауап берді
Коллаж: Orda.kz
Тамыз айында Конституциялық сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заңнамалық тыйым салуды алып тастады. 2012 жылы «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына сотталған Владислав Челахты қорғаған адвокат Гүлмира Шалдықова оның түрмеден шығуға мүмкіндігі бар-жоғы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Гүлмира Шалдықова Владислав Челахтың мүддесін 2019 жылы қорғады. Яғни, Челахтың ісін қайта қарау туралы өтініш берген кезде қорғаған. Қазір адвокат мәселені шеше алмайтынын, бірақ қорғауында болған Владислав Челахты босағанын қалайтынын айтты.
«Менің 20 жылдық тәжірибем оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Оны алғаш ұстағанда: «Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын, қатысым жоқ» деп айтқан. Ол оқиға болғанда шекара бекетінен кетіп қалған. Өрт шығып, атыс болған кезде ол жерде болмаған», — деді адвокат.
Шалдықова Челахтың ісін «саясиланған» деп санайды.
«2019 жылы Тоқаев президент болған кезде істі қайта қарау ұсынылды. Мүмкін ол бұл іске басқаша көзқарас болады деп сенген шығар. «Жаңа Қазақстанға» үміт артылды. «Оның жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы. Тіпті бұл шартты түрде мерзімінен бұрын босату болса да. Себебі ол заңсыз түрмеде отыр. Ол шын мәнінде, осы жағдайлардың құрбаны. Ол тек қырғынға ұшырағандардың арасынан аман қалған адам ғана»,– деді ол.
Адвокат Челахтың ісімен қайта айналысуға қарсы еместігін жасырмады.
Айта кетейік, осыдан 4 күн бұрын, 22 тамызда сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасады. Ол өзінің туысымен бірге Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты істі болған.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды