Челах бостандыққа шыға ма? Конституциялық сот мерзімінен бұрын босатудағы тыйымды алып тастады
Фото: Orda.kz
Конституциялық сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе заң бойынша жаза түрін жоюға байланысты бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салатын норманы конституцияға сай емес деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттың түсіндіруінше, бүгінде елде өлім жазасы қолданылмайды. Ал оған қатысты барлық сілтемелер қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасынан алынып тасталды. Сондықтан жазаның бұл түрі жоқ кезде оған байланған тыйымды кодексте сақтау — Конституцияға қайшы.
Даулы норма — ҚК-нің 72-бабы 8-бөлігінің 1) тармақшасы — 2025 жылғы 16 шілдедегі қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңмен алынып тасталды. Енді аталған санаттағы сотталғандарға мерзімінен бұрын шығуға (УДО) қатысты «ерекше» тыйым жоқ. Олардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштері жалпы негізде қаралады.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда өлім жазасына 73 адам кесілген. Ең белгілілері — Владислав Челах және Руслан Күлекбаев.
Владислав Челах жайлы
2012 жылы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам көз жұмды. Соның ішінде 14 әскери адам және біреуі қорықшы еді. Бұл қылмыс үшін 19 жастағы қатардағы жауынгер Владислав Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бастапқыда ол кісі өлтіргенін мойындады. Бірақ кейін айғақтарынан бас тартып, шекараға белгісіз адамдар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Челахтың кінәсіне қатысты дау әлі де жалғасып келеді. Оның қазіргі жағдайы туралы біз бұған дейін жазғанбыз.
Руслан Күлекбаев жайлы
Алматыдағы атыс оқиғасының қатысушысы Күлекбаев «Қара бүркіт» колониясында отыр. 2016 жылғы 18 шілдеде 10 адамды (оның ішінде 8 полицей) өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Бірақ мораторийге байланысты жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Жуырда біз оның қызы туралы да жазған едік.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?