«Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп

cover Фото: Kevin Dietsch / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға «өте қуатты соққы» жасалуы мүмкін екенін айтып, қатаң ескерту жасады. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Трамптың айтуынша, қазіргі кезде «ауыр жеңілістерге ұшырап жатқан» Иран Таяу Шығыстағы көрші мемлекеттерінен кешірім сұрап, бұдан былай оларға оқ атпайтынын мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл шешім АҚШ пен Израиль тарапынан жасалып жатқан үздіксіз шабуылдар салдарынан қабылданған.

«Бұл — мыңдаған жыл ішінде Иранның Таяу Шығыстағы көрші елдерден алғаш рет жеңілуі. Олар: «Рахмет сізге, президент Трамп»  деді. Мен: «Оқасы жоқ!» деп жауап бердім» деп жазды АҚШ президенті.

Трамптың пікірінше, Иран енді «Таяу Шығыстың бұзақысы» емес, керісінше «Таяу Шығыстың жеңілген еліне» айналған. Ол Иран толық тізе бүккенге дейін немесе, оның ойынша, толық күйреуге ұшырағанға дейін осындай жағдайда қала беретінін айтты.

«Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады. Иранның теріс әрекеттеріне байланысты бұған дейін нысана ретінде қарастырылмаған кейбір аумақтар мен топтарға толық жойылу қаупі төнуі мүмкін», деп қорқытты Трамп.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң талап қойған еді. Оның айтуынша, Иранмен кез келген келісім тек «сөзсіз тізе бүгу» жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар ол Иранның келесі көшбасшысын таңдауға өзі жеке қатысуы тиіс екенін де мәлімдеген.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар