БҰҰ ескерту жасады: Ливияда шенеуніктің өлімінен кейін қақтығыс болды
Фото: ВПК
Ливияда жергілікті билік өкілдерінің бірінің өлімінен кейін, қақтығыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
DW-ның мәліметінше, Ливия астанасы Триполиде президенттік кеңестегі аппарат басшысы Абдельгани аль-Кикли өлімінен кейін қарулы қақтығыстар болды. Әскери және қарулы қақтығыстар салдарынан туындаған атыс 12-нен 13 мамырға қараған түні болып, халықтың жағасын ұстатты. Ақыры Триполиде төтенше жағдай енгізіліп, әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Екі тарап арасындағы дау басталған сәтте, БҰҰ атысты тоқтатуға шақырды.
«Біздің міндетіміз - тараптарды атысты дереу тоқтатуға және бейбітшілікті қалпына келтіруге шақыру. Біз оларға бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі міндеттемелердің бәрін еске саламыз және бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға жасалған шабуылдар әскери қылмысқа айналуы мүмкін екенін ескертеміз» деп жазылған БҰҰ миссиясының хабарламасында.
Ал 13 мамыр күні таңертең Ливияның қорғаныс министрлігі атыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келіскен болатын.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды