Бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

cover Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz «Мой Город» басылымна сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған. Мәліметтерге сүйенсек, ер адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Ауыр дене жарақатынан олардың бірі ауруханада көз жұмды. 

Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстаған.

«Ол ішкі істер органдарынан теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкер болып шықты» делінген ақпаратта.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар