Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
Фото: @Saken.mamash
Астанада Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол бұрынғы зайыбы Карина Госманға (Мамаш) тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, азаптады деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот үкімін Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Артур Абдыханов жариялады.
«Сәкен Мамаш Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья.
Айыптау тарабы бұрынғы дипломатты алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұрын сотталмаған адамдарға, әдетте, ең төменгі жаза тағайындалады.
Карина Госман 2024 жылдың мамырында Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға оралған. Оның айтуынша, ол сол кезде елшілікте кеңесші қызметін атқарған жұбайы оған он жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен.
Каринаның балалары және сіңлісімен бірге Қазақстанға оралуына сыртқы істер министрлігі мен «#НеМолчи.kz» қоры көмектескен.
Олар Астанадағы «Қорғау» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанада тұрған. 2024 жылғы 10 мамырда Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол дипломатиялық қызметінен шеттетілді. Сол жылдың қазан айында Карина Госман бұрынғы жұбайымен ресми түрде ажырасып, Мамаш деген тектен бас тартқан. Алайда кейбір жеке құжаттарда бұл тегі әлі де сақталып отыр.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды