Бұрынғы депутат, G-Park директоры БАҚ-қа қысым жасады: Аида Балаева журналистерді қолдады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Dalanews және Dala Inside журналистерінің Астана мәслихатының бұрынғы депутаты, G-Park құрылыс компаниясының қожайыны Ғабит Сәтмағамбетовтің қысым көрсетуіне байланысты шағымына қатысты пікір білдірді.
Ол бұл жағдайға алаңдайтынын айтты.
Журналистер бұған дейін Аида Балаеваға үндеу жолдаған. Онда олар экс-депутат Ғабит Сәтмағамбетовтің қызметіне қатысты бірнеше материал жариялаған соң қысымға түскендерін айтқан.
Атап айтқанда, Dalanews басылымы Сәтмағамбетовтың Дубайда екенін алға тартқан материал жариялады. Экс-депутат Астанадан шықпағанын айтып, журналистерді өз сөздерін теріске шығаруға мәжбүрлеген. Осыдан кейін ақпарат көзін ашуды талап етіп, БАҚ өкілдері жауапқа шақырыла бастады.
Журналистер бұрынғы депутаттың қысымынан редакцияда тінту қаупі бар екенін, тіпті кейбір қызметкерлердің қамауға алынуы мүмкін екенін айтып шағымданды.
Аида Балаева Қазақстанда Конституцияға сәйкес цензураға тыйым салынғанын, журналистердің авторлық және мұндай ақпаратты сот жария етуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, ақпарат көздері құпиясын сақтауға құқығы бар екенін ерекше атап өтті.
«Dalanews редакциясы бұрын жарияланған ақпаратты жоққа шығаратын мақала жариялап үлгерді, осылайша БАҚ-тың қолданыстағы заңнамсына сәйкес міндетін орындады. Министрлік жағдайды ерекше бақылауда ұстап, аталған БАҚ-ты ықтимал қысымнан қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқарып жатыр»,- деп атап өтті Аида Балаева.
Экс-депутат Сәтмағамбетовке тиесілі G-Park компаниясы үлескерлер ақшасына салған бірнеше үйді уақытында аяқтай алмауымен аты шықты. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс салушы «осы мәселелердің барлығын жедел түрде жойып жатқанын» хабарлады. Компанияға проблемалық нысандарды пайдалануға бермейінше елордада жаңа жобаларды бастауға тыйым салынды. 2023 жылдың жазында G-Park бір уақытта 16 нысанның құрылысын жүргізді, олардың кейбіреулері қадағалау органдары тарапынан компанияға қатысты сұрақ туғызды.
Жаңалықтар
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі