Бұрынғы әйеліне ыстық шәугім лақтырған еркек сотталды
Фото: Pexels
Ақтөбеде 58 жастағы ер адам бұрынғы әйеліне қайнап тұрған шәугімді лақтырғаны үшін жаңа заңға сәйкес жазаланды, деп хабарлады Orda.kz.
Әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңырақ болып өзгергеннен кейін, мұндай қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық жауапкершілікке ауысқан болатын.
«Диапазон» сайтының хабарлауынша оқиға бұрынғы әйелінің жұмыс істейтін компаниясының кеңсесінде болған. Ер адам жұмысқа қабылдануға келгенде, бұрынғы әйелін көріп қалып, әріптестерімен бірге шай ішкен. Әңгіме барысында бұрынғы жұбайлар арасында жанжал туындап, ер адам ұрысқанда әйеліне шәугім пен темір ыдыс лақтырған. Заттар оның кеудесі мен иығына тиген.
Сот-медициналық сараптама жарақаттардың денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірмегенін анықтады. Әйел бұрынғы күйеуін кешірмегенін айтып, соттан оған жақындауға тыйым салуды сұрады, өйткені ол өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізді.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, әрекеттерін қызғаныш пен ашуға байланысты екенін түсіндірді. Оқиға кезінде оның қазіргі күйеуі де жанында болған, ол әйелін қорғауға тырысқан.
Айыпталушының өкініш білдіргенін және ауыр жарақат болмағанын ескерген сот оны 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тартуға және жәбірленушінің келісімінсіз онымен хабаласуға түсуге тыйым салуға үкім шығарды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды