Бұрын сотталған Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесіне қол көтермек болған

cover Фото: instagram @askarzhumabeqov

Актер Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесі Айнұр Нарзияваға агрессия көрсетіп, қол көтермек болған. Бұл туралы Айнұр әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның сөзінше, актер өзі түсірілімге алдын ала «оят» деп өтінген. Айнұр таңертең 8:30-дан бастап бірнеше рет хабарласып, оны оятқан. Жұмабек трубканы алып, тұрғанын айтқан.

«Бірақ ол түсірілімге келгенде, «тым ерте ояттың» деп ашулана бастаған. Айнұр оған «Асқар, ұйықтап қаласыз ба, деп қорықтым, бірінші рет емес» деп жауап берген. Осы сөзден кейін жағдай ушығып, ерегіс күшейіп, актер қол көтеруге әрекет жасаған» деп жазды Айнұр.

Айнұрдың айтуынша, Жұмабектің мінезі қызық, жиі ашуланады, айқайлайды, есік тарсылдатады. Ол мұндай әрекеттерге көз жұма қарамауға шақырып, өз абыройын қорғағысы келетінін айтты. Әзірге Асқар Жұмабек бұл жағдайға пікір білдірмеді. Редакция полиция департаментіне сауалнама жолдады.

Еске салсақ, 2023 жылы ол төбелеске қатысқаны үшін 6,5 жылға сотталған. Кейін мерзімі қысқарып, айыппұлмен босап шыққан.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар