Бұл – рейд емес: Қорғаныс министрлігі әскерге көшеден ала қашудың себебін түсіндірді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі бейнесінің скриншоты
Жастарды көшеден бірден «тізгіндеп алып» кетіп жатқаны туралы видеолар тарағаннан кейін, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді: әскерге шақырылушыларға қатысты ешқандай заңсыз «аулау» жүргізіліп жатқан жоқ. Алайда, кейбір «жағдайлардың» бар екнені рас, деп хабарлайды Orda.kz.
Жуырда әлеуметтік желілерде көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында қазақстандық жастардың жаппай «ұсталуы» түсірілген видеолар тарады. Кадрларда – әскери комиссариатқа күштеп әкетіліп жатқан жігіттер көрсетілген. Жаппай үрей басып, халық алаңдаушылық білдірген соң Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
Айтуларынша, бұл – рейд емес, әскерге шақырудан жалтарып жүргендерді заңды түрде шақыру пунктіне жеткізу.
Министрлік өкілдері әскерге шақыру қағазын жеке тапсыру кейде қиынға соғатынын мойындады. Көптеген шақыру алуға тиіс азаматтар тіркеуде тұрған мекенжайында тұрмайды және әскери комиссариатқа нақты мекенжайын хабарламайды. Мұндай жағдайда іске полиция араласады – олар азаматтарды шақыру пунктіне жеткізумен айналысады екен.
«Егер шақырту қағазын жеке табыстау мүмкін болмаса, шақырылған азаматты жеткізу ішкі істер органдарына жүктеледі. Кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетеді. Мұндай жағдайда оларды шақыру пунктіне мәжбүрлі түрде жеткізуге тура келеді», деп түсіндірді ведомство.
Қазіргі уақытта 2GIS қосымшасында жастар бір-бірін мүмкін болатын «ұстау» әрекеттері туралы ескертіп жатыр.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскери қызметтен жалтарғандар әкімшілік айыппұлмен қатар, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін екенін еске салды.
Қорғаныс министрлігі әскер жасындағы азаматтарға қатысты рейдтер туралы былтыр да дәл осындай түсініктеме берген болатын.
Бұл жылда әскерге «жинаудың» жабайы маусымына айналып бара жатқан жоқ па? Зайырлы мемлекетте зайырлы қатынас болуы тиіс емес пе?!
Көшеден әскерге сүйрелгендер заң тұрғысында сотқа шағымдана ала ма?
Әскерге сау кетіп, жарымжан немесе мүгедек болып оралған азаматтардың ісіне кім жауап береді? Тілшіміздің «Әскердегі азап»: Сарбаз жансақтау бөлімінен жарымжан халде шықты мақаласын қараңыз.
2024 жылы 12 маусымда Алматы қаласында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі екінші баспасөз-конференциясы өтті. Конференция отырысына 5571 әскери бөлімде ажал құшқан Алмас Шахимовтың анасы мен әжесі, дәл осы әскери бөлімде азаматтық борышын өтеу кезінде комаға түскен Мұхтар Ербаянның анасы мен бөлесі қатысты.
Былтыр Түркістан облысы, Арыс гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметте болған сарбаз өз-өзіне қол жұмсамақ болды.
Айта берсек мұндай мысалдар толып жатыр, сол арқылы әскердегі тәртіп пен жағдай түзелмейінше ешбір ата-ана бауыр еті баласын әскерге аттандыруға құштар болып отырмағанын түсінуге болады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты