Бұл мектепке мұқтажбыз: Қарасайдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепті бір адвокат жауып тастай ма?
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы «Балалар инклюзивті академиясы» қаңырап бос тұр. Оқу жылы басталып, оқушылардың бәрі мектепке барып білім алып жатыр. Қырғауылды ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ғимарат өз жұмысын толықтай бастауға дайын. Алайда осы ғимаратқа көрші бір адвокат «балалардың шулағаны кедергі келтіреді» деп, бұл орталықты ашқызбай отыр.
Orda.kz тілшісі орталыққа барып, мән-жайды біліп қайтты.
Естіген жан елең ететін, тағдыры ауыр балаларға қатысты бұл мәселеде әкімдік ата-аналар мен тілшілерге жауап беру үшін келуі керек болған. Бірақ әкімдік қызметкерлерінің қарасы да көрінбеді.
Ақыры әкімдік қызметкерлері келмеген соң, Orda.kz редакциясы осы мәселе бойынша Қарасай аудандық әкімдігіне сауал жолдады.
Басты мәселе — ерте жастан тауқымет көріп, денсаулығына байланысты мектепке бара алмаған балаларын осы орталыққа береміз деп отырған ата-аналар мен орталықтың ашылуына қарсы көрші тұратын тұрғындардың арасындағы уәж.
Көршілес үйде тұратын қалада адвокат болып қызмет істейтін кеңсесі бар азамат шулы қаладан мезі болып, қала сыртына көшіп келгенін айтқан. Орталықтың директоры Нұрым Нұрғалиевтің сөзінше, ол адвокаттық кеңсесі бар екенін алға тартып, «сес» көрсеткендей болған.




«Балалар инклюзивті академиясы» Қазақстан бойынша ерекше балаларға арналған тегін инклюзивті орталықтарымен танымал мекеме. Қазіргі таңда академияда 200-ден астам бала білім алып жатыр. Оның 80 пайызы – «үйден тыс оқу» жобасы аясында білім алушылар. Бұл бастама үйде оқуы тиіс балаларды қоғамға бейімдеп, құрдастарымен бірге дамуына көмектеседі.
«Бұл орталық мемлекеттік мектептен 100 метр төмен жақта орналасқан. Мектепте шамамен 2500–3000 оқушы бар. Көлік тұрағы бізден екі есе ғана үлкен. Орталық тек 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Балалар небәрі екі сағатқа ғана келеді, олардың шулауға уақыттары болмайды. Бұл орталық ерекше балалар үшін өте маңызды. Мұндай балалардың қоғамға бейімделуі қиын. Ақыл-есі артта қалған балаларға мемлекеттік мектеп мұндай мүмкіндік бере алмайды. Оларды тек үйден оқуға жібереді. Ал төрт қабырға мен мұғалімді ғана көріп өскен балада қандай даму, қандай қоғамға үйрену болмақ? Біз осы балаларға жағдай жасап, көмектескіміз келеді. Жобаны 10 жыл бойы дайындап, тәжірибеден өткіздік», — дейді Нұрым Нұрғалиев есімді «Балалар инклюзивті академиясының» директоры.
Сонымен қатар, Қазақстанда тек осы жерде ғана жабық спорт залы бар. Бұл ерекше жоба заманауи талаптарға сай алғаш рет жүзеге асырылды. Мұнда балалар қозғалыс пен ойын арқылы еркіндігін сезініп, сенімін арттыра алады. Сонымен қатар, олар тегін білім алып, қоғаммен араласуды үйреніп, жаңа қабілеттерін ашады.



«Инклюзивті шығармашылық орталығында» балалар вокал, би, сурет, қолөнер үйірмелеріне қатысып, дарынын шыңдайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға кәсіби педагогтар сабақ өткізеді. «Балалар инклюзивті академиясы» соңғы үш жыл бойы Алматыда жалғыз әрі тегін инклюзивті білім беру кеңістігін дамытып келеді. Қазір ел бойынша 15 филиалы бар, оның бесеуі ресми мектеп ретінде лицензия алуға құжаттарын тапсырған», — дейді Нұрғалиев.
Ғимарат 2 қыркүйекте өз жұмысына кірісіп, мемлекеттік мектепке бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауы тиіс еді. Бірақ адвокат болып жұмыс істейтін көршісі: «тыныштығым бұзылады» деп орталықтың ашылуына кедергі келтіріп жатыр.
Айта кетерлік жайт, ғимаратқа қатысы жоқ басқа көше тұрғындары да қарсылық білдіріп, арызға қол қойған.




Нұрғалиевтің айтуынша, әкімдік көмек бере алмай отыр:
«Бұл орталықты ашу басқа қалаларда жеңіл болды. Әкімдіктің көмегі тиді. Біз Қарасай ауданына біраз көмегімізді тигізіп, жағдайы нашар отбасыларға киім-кешек, азық-түлікпен қолдау көрсетеміз. Бірақ әкімдік неге бізге көмек бермей отыр? Мен осыны түсінбеймін», — дейді Нұрым.
Академияның негізін қалаушы — ҚР БҒМ-нің 2023 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері Нұрым Нұргалиев есімду азамат. Оның бастамасымен еліміздің бірнеше қаласында арнайы кабинеттер ашылып, ерекше балаларға арналған тегін шығармашылық курстар ұйымдастырылды. Қазір Алматы, Рудный, Орал, Қостанай, Қарағанды, Астана және Маңғыстау өңірінде 500-ден астам бала тұрақты білім алып жатыр.
«Біздің басты мақсатымыз – ерекше білім қажет ететін балаларға тең мүмкіндік беру, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау және қоғамда инклюзия мәдениетін кеңінен насихаттау», — дейді Нұрғалиев.
Ал көршілері мектеп аумағында көлік қозғалысы көбейіп, тыныштық бұзылғанын алға тартады:
«Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу орны жеке үйлердің дәл жанында орналасуы жергілікті тұрғындардың жағдайын қиындатады. Біз қаладағы шудан, инфрақұрылымның ауыртпалығынан қашып, тыныштық үшін Қырғауылды ауылына көшкенбіз», — дейді тұрғындар.
Orda.kz тілшісі ғимаратты өз көзімен көріп, бар жағдайдың жасалғанына куә болып қайтты. Өте жайлы, әрі мұғалімдері тәжірибелі. Тіпті балаларға арналған массаж креслосы, демалатын және ойнайтын орындар да бар. Тілшіміз орталықтың ашылуына қарсы болған адвокатқа хабарласты. Алайда ол қоңырауға жауап бермеді. Orda.kz редакциясы әрқашан екінші тараптың пікірін тыңдауға дайын екенін айта кетейік.
Осылайша, ерекше балаларға арналған 5–9 сыныптар бойынша білім беретін инклюзивті мектептің жұмысы әзірге тоқтап тұр. Жобаға қолдау білдірушілер де, қарсы тарап та бар. Ерекше балалардың ата-аналары мектептің ашылуын талап етіп жатыр. Олар жергілікті тұрғындар мен билік өкілдерінің келісімін аламыз деп үміттеніп отыр.
Жаңалықтар
- Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді
- Түркістан облысында 14 жастағы оқушы 6 жасар қызды зорлап, 10 жылға сотталды
- Ресей Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды қабылдамады
- Экс-судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды
- Ажалы шойын қазаннан: 6 жастағы қызды анасымен қоса ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
- Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
- 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды
- Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады
- Баялиев Рүстем президент әкімшілігіндегі орнын босатты
- Қоғам белсендісі Ринат Рафхатұлы қайтыс болды
- «Маған қазақ тілі қажет емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана қызметкері қонақпен жанжалдасты
- Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
- «Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
- Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген
- «Мен өзім сотқа жүгіндім»: Маңғыстау әкімі экс-депутаттан туған ұлына қатысты өз шындығын айтты
- Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
- Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
- Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты