Болат Назарбаевқа тиесілі болған зауыт ақыры мемлекетке қайтарылды
Коллаж Orda.kz
Бұрын Болат Назарбаевқа тиесілі болған Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкі мемлекетке қайтарылды деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, сот шешімі бойынша кәсіпорынға 37 гектардан астам жер және жалпы ауданы шамамен 80 000 шаршы метр болатын 94 коммерциялық нысан қайтарылды. Алматы прокуратурасы бұл мүліктердің заңсыз сатылғанын анықтап, мәмілелердің жарамсыз деп танылуына қол жеткізді.
«Зауыт мүлкінің заңсыз сатылғаны анықталды. Қадағалау актісін орындау аясында мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді. Сот талапты қанағаттандырды, апелляция бұл шешімді күшінде қалдырды», деп мәлімдеді қадағалау органы.
ААМЖЗ бұған дейін Болат Назарбаевтың бақылауында болған. 2023 жылғы наурызда Жоғарғы сот экс-президенттің марқұм болған бауырын мемлекетке ААМЖЗ -нің 31,9% акциясын қайтаруға міндеттеді. Ол бұл акцияларды 2007 жылы сатып алған, алайда келісімшарт шарттары орындалмағандықтан, мәміле жарамсыз деп танылды. Толығырақ сілтеме бойынша.

Қызығы, Egov пен «Компре» жүйелерінде құрылтайшылар туралы мәліметтер жасырылған. ААМЖЗ -нің ресми сайтында зауыттың екі ірі акционері бар деп көрсетілген. Нұрбол Назарбаев (2010 жылдан бері, 50% акция) және Эдгар Салдузи (2020 жылдан бері, 50%).
Жаңалықтар
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады