Болат Назарбаевқа тиесілі базарда дау шықты
Фото: Orda.kz
Болат Назарбаевқа тиесілі базарда саудагерлер базар басшылығы шығарған шешімге наразы болды, деп хабарлайды, Orda.kz.
Алматыда Райымбек пен Механика көшелерінің қиылысындағы «Оптовка» маңына жүзге жуық адам жиналды, олар автотұрақты алып қоюға қарсы шықты. Жиналған саудагерлер, жүк тасушылар және өзге де базар қызметкерлері әкімдіктің жүк көліктері келіп, тауар түсіріп, жүктейтін автотұрақты жою туралы шешіміне наразы екендерін айтты.
«Егер тұрақ болмаса, жұмыс та болмайды. Біздің жұмысымыз сол тұрақтың көлеміне байланысты. Тұрақ қаншалықты үлкен болса, соншалықты көп адам келеді, «Барыс-4» базарында (ол әлі күнге дейін марқұм Болат Назарбаевтың атына тіркелген) жүк тиеп алады. Аймақтан келетіндердің бәрі осы КАМАЗ тұрағын жақсы біледі», — дейді саудагерлердің бірі.
Жиналғандарға бұл жердің не үшін босатылып жатқаны нақты айтылмады.
Orda.kz тілшісі оқиға орнында болып, жағдайдың қалай өрбитінін бақылап отыр. Осы мәселеге қатысты алда репортаж жариялаймыз.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема