«Болашақ» бағдарламасы бойынша бакалавриатқа грант беріледі
Фото: Envanto
Қазақстан Мәжілісі «Болашақ» бағдарламасын кеңейту туралы норма қабылдады, деп хабарлады Orda.kz.
Депутат Асхат Аймағамбетовтің мәліметінше, Бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылды.
Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.
«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз осындай дарынды жастардан жиі айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қояды», – деп түсіндірді Аймағамбетов.
Енді жағдай өзгереді деп сендірді ол: Қазақстанда жас таланттарды ұстап қалуға көбірек мүмкіндік пайда болады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша гранттар мемлекеттік бюджеттен бөлінеді.
Orda.kz бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізіміне тағы 18 мамандық қосылғанын жазған болатын.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды