Блогерлер Ерболат Жанабілов пен Эльмира Төлегенова түрмеге қамалуы мүмкін
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz
Жанәбіловтерге қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі уәкілетті органда тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Жаза ретінде 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру көзделген.
«Іс қозғалды, қазір тергеу жүріп жатыр. Жақында тіркелді. Блогерлер Қазақстанда», — деді агенттік өкілі Жеңіс Елемесов.
Естеріңізге сала кетейік, блогерлердің ісі алғашқыда әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралған еді, бірақ кейін бұл әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланып, жаңа тергеу басталды. Адвокат Олег Чернов өз қорғауындағы блогерлердің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп санайды.
18-21 тамыз аралығында Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова автокөлік ұтыс ойынын жариялаған. Пайдаланушылар тікелей эфирді күтеді, бірақ оларға ақылы оқуға сілтеме жіберілген, оның бағасы 30 мың теңге болған. Ұтысқа қатысу үшін курсты сатып алу шарты қойылған, бұл қоғам тарапынан үлкен сынға ұшырады.
Туризм және спорт министрлігі ресми лотерея операторлары мен агенттерінен басқа ешкімге ұтыс ұйымдастыруға және билет сатуға болмайтынын ескертті.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады