Блогер Азамат Айталиевті астаналық тұрғын соққыға жыққан

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Полиция Азамат Айталиевтің Астана қаласында соққыға жығылғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 

2025 жылдың мамыр айында Астана қаласы ПД «Есіл» ауданы полиция басқармасына Ресей азаматы арызбен жүгінген. Анықталғандай, ол Бәйтерек монументі аумағында бейнетүсірілім жасаған.

Осы сәтте оған бір ер адам жақындап, наразылық білдіріп, оны соққыға жыққан. 

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша «бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктінің жеке басы анықталды.

Сондай-ақ полиция тараптар дауды құқықтық тәртіпте реттеп, ортақ келісім жасағанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар