БҚО-да шекара қызметкері жол апатынан қаза тапты

cover Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Өнеге ауылы маңындағы тасжолда адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Ал Ford Focus көлігінің төрт жолаушысы жарақат алды.

Қаза тапқандардың бірі шекара қызметінің қызметкері екені анықталды.

"Қазіргі уақытта полиция алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Өз кезегінде, Шекара қызметі қызметтік тексеріс бастады",  деп мәлімдеді ҰҚКД шекара қызметі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар