БҚДА теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтері нарығына талдау жүргізді

cover Фото: Pexels

Талдау барысында бәсекелестіктің дамуына кері әсер ететін кедергілер мен проблемалық мәселелер анықталды. 

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

«Бұл ұлттық инфрақұрылым операторының функцияларын бөлуді аяқтамады. Ұлттық тасымалдаушының еншілес кәсіпорындарының артықшылықты жағдайда болуы, жеке тасымалдаушыларда МТЖ қызметтеріне ұзақ мерзімді қолжетімділіктің болмауы. Сондай-ақ, Ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне қолжетімділіктің және жүйелерді интеграциялау мүмкіндігінің болмауы болып табылады», - деді БҚДА.

Анықталған кедергілер бойынша Агенттік Көлік министрлігімен бірлесіп теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтері нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасы қабылданады. Осыған байланысты одан әрі жұмыс жүргізу үшін тиісті ұсынымдар жолданды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар