«Бюджеттің миллиондары»: Алматы әкімдігі автокөлік жалға алу үшін 220,5 млн жұмсаған

cover Фото: Pexels

2024 жылы Алматы әкімі аппараты автокөлік жалдауға 220,5 миллион теңге жұмсады. Бұл өткен жылдардағы шығыстардан айтарлықтай жоғары. Соңғы жылдары автокөлік жалдауға жұмсалған қаражат 146 миллионнан 208 миллион теңгеге дейін өзгерді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы Алматы қаласы әкімінің аппараты автокөлікті жалға алуға барлығы 220 508 402 теңге жұмсағаны белгілі болды. Барлық келісімшарттарды әкімдіктің ведомстволық ұйымы, Алматы қаласының Экономика басқармасы жасады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар