«Биыл өтеді». Тоқаев әкімдер сайлауы туралы айтты

cover

Бүгін, 15 қаңтар күні парламенттің бірлескен отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады» деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, биыл елдегі ауылдық жерлерде әкімді сайлау өтеді.

«Биыл жекелеген ауылдық окургтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл - өте маңызды мәселе» деді Тоқаев.

Бұған қоса, ол өзі уәде еткен саяси реформалардың екінші бөлігі әзірленгенін де атап өтті.

«Онда барлық партияның, соның ішінде кеше парламентке өтпей қалған саяси күштердің де ұсыныстары ескерілді және болашақта да назарымызда болады. Ұлттық кеңес мүшелерінің және басқа да беделді сарапшылар мен белсенді азаматтардың идеялары, бастамалары қамтылып отыр» деді президент.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар