«Биыл дым жоқ», «Шалқар чики чики»: деген сөздерімен танылған шенеулік жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Ақтөбе олысының Шалқар ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Аян Қорқытұлы тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 2015 жылы жол сапасы туралы сұхбатында айтқан «Шалқар чики-чики» деген сөзінен кейін елге танылған еді.
Аян Қорқытұлы 1977 жылы 13 қыркүйекте дүниеге келген. Ол 2002 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2015 жылы «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша, 2020 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- 2002 ж. – Бозой ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы;
- 2004–2007 жж. – «Достар-А» ЖШС (Шалқар қ.) бригадир, бухгалтер, инженер-экономист;
- 2007–2009 жж. – Айшуақ селолық округінің әкімі;
- 2009–2010 жж. – Шалқар аудандық салық басқармасының салық аудит бөлімінің бастығы;
- 2011 ж. – І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары;
- 2011 ж. – Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы;
- 2011–2012 жж. – Шалқар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры;
- 2012–2013 жж. – Шалқар аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары;
- 2013–2017 жж. – Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
- 2017–2023 жж. – Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Шалқар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Жаңалықтар
- Астана мен Алматы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды