«Бітпейтін жемқорлық»: Шымкентте бюджеттен млрд жымқырғандар ұсталды

cover Фото: Orda.kz

Шымкент қаласындағы «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Олар коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жөндеуге арналған қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржы және мониторинг агенттігінің мәліметіне қарасақ, мемлекет кірісіне 358 миллион теңгеден астам құны бар жылжымайтын мүлік тәркіленді. Қаражатты жымқырғандар – жергілікті шенеуніктер мен коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері болып шықты. Олар жылу жүйелері мен қаладағы электр желілерін жөндеуге бөлінген ақшаны өздеріне аударып отырған.

Олар смета құнын асырып көрсету және іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін төлем жасау арқылы ақша жымқырып отырған. Жалпы шығын көлемі миллиард теңгеден асып кеткен. Істе «қолма-қол ақшамен айналысқандар» («көмекшілер»), жалған тұлғалардың атына тіркелген фирмалар және жалған құжаттар қолданылған.

Тергеу барысында шенеуніктер мен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері ұрланған бюджет қаражатына біршама пәтер мен үй сатып алғаны, ал ақшаның бір бөлігін банкке салғаны анықталды.

Жеті айыпталушы екі жылдан жеті жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер Қазақстанда мұндай жағдайлар аз емес. 

Orda.kz Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланғаны жайлы жазды. 

Бұған дейін Orda.kz Солтүстік Қазақстанға қазақ санын көбейту мақсатында үй салып, көшіретін «Еңбек» бағдарламасынан миллиардтаған ақшаның жымқырылғаны жайлы зерттеу мақаланы мына сілтемеден оқыңыз.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар