«Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн берді»: Адвокат Құсайыновa осы іске қатысты сөз сөйледі

cover Фото: Orda.kz

 Еске сала кетейік, жақында «Антикор» астаналық бір тұрғынның Бишімбаевқа жазасын жеңілдетуге уәде беріп, 100 млн теңге алғанын немесе алғысы келгенін хабарлаған болатын.

Бүгінгі сот отырысына келген Бишімбаевтың қорғаушысы журналистерге іске қатысты пікірін білдірді. 

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, мен адвокат ретінде оның нәтижесін айта алмаймын. Бірақ Бишімбаевтың ата-анасының сөзіне қарағанда, оларға белгілі бір азамат хабарласып, алқабилерге пара беруге және жазаны жеңілдетуге көмектесуге дайын екенін айтып, ақша сұрады деген деректі білемін. Ата-анасы мұның заңсыз екенін ұғып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орындарға хабарласқан. Олар баласының жазасын жеңілдету үшін біреуге ақша берген жоқ. Ал ақша сұраған әйелдің ұсталғанын өздеріңіз де білесіздер», — дейді Назкен Құсайынова.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар