Бишімбаевтың қорғаушылары тергеу экспериментін қайта жүргізуді өтінді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Сотта экс-министрдің жақтаушысы куәгерлер айғақтарына күмән келтіріп, тергеу экспериментін қайта жүргізуді өтінді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Куәгерлердің айғақтарындағы қайшылықтарды жою және іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін Бишімбаевтың қатысуымен тергеу экспериментін жүргізуді сұраймыз. Қайшылықтарды жою үшін оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау оқиға орнындағы куәгерлердің айғақтарына тексеру жүргізу туралы өтініш білдіреміз», – деді Бишімбаевтың қорғаушысы.

Бұған дейін Бишімбаевтың қорғаушылары BAU мейрамханасының камераларына түскен видео заңсыз деп танып, жеке жазбаларда «Салтанаттың өзі Бишімбаевты қатты қызғанғанын» көруге болатынын хабарлаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар