Бишімбаевтың қорғаушылары Нүкенованың ұялы телефонын тексермек

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қуандық Бишімбаевтың қорғаушыcы сотқа өтініш жасап, марқұм болған әйелдің ұялы телефонын тексеруді өтінді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасын әділ қарау үшін біз осы өтінішпен бірге жүретін қосымшаларды жария етіп, С.Нүкенованың компьютер құралдары мен ұялы телфондарына (IPhone Pro Max 13 пен IPhone Pro Max 15) криминалистік зерттеу жүргізуді бастауды сұраймыз. Зерттеуді жүргізуді 12-ші департамент маманына тапсырып, жойылған жағдайда барлық жазбалар мен басқа да ақпараттарды қалпына келтіруді сұраймыз. Қылмыстық істегі 5-том, 46-47 екі беттегі екі фотосуреттің дәлел ретінде күшін жоюды сұраймыз, себебі фотоны қалай, қашан, кім жасағаны белгісіз», — деді қорғаушы.  

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тыңдауды сот Айжан Құлбаева жүргізеді. Отырыстың екінші күні Бишімбаев басқа есіктен кіргізілді. Отырыс залына тағы да журналистерді кіргізбесе, айыпталушының қорғаушылары мен анасы БАҚ өкілдеріне мардымды жауап қатпады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар