Бишімбаевтың ісіне қатысты бас прокуратура мәлімдеме жасады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Бишімбаев ісі туралы Бас прокоратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz порталы  Бас прокоратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медиа-кеңістікте Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелерінде күмән келтіретін түрлі ақпараттар тарап жатыр. Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес сот қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады. Көрінеу жалған мәлімет таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген» делінген хабарламада.

Осыған байланысты Бас прокоратура БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға, қылмыстық құқық бұзушылық пен сотқа араласпауға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар