Бишімбаев ісі: Байжановтың тергеу изоляторына келген адам туралы тексеріс басталды

cover

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов мәлімдеме жасағаннан кейін қызметтік тергеу басталды.

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен хабарланды.

Байжанов құқық қорғаушы Бауыржан Мусиннің тергеу изоляторына бірнеше рет жарық сөнген соң келгенін айтты. Сотталушының айтуынша, оның қасында іс бойынша басты айыпталушы Қуандық Бишімбаев болған.

Комитет Мусиннің «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің мүшесі екенін атап өтті.

«Ұйым өз қызметін екіжақты меморандум аясында жүзеге асырады, өз кезегінде ұйым мүшелерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адам құқықтарына мониторингі мекеме қызметкерлерінің  қатысуымен жұмыс уақытында қатаң түрде жүзеге асырылады» деді комитет.

Тексеруді Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жүргізеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар