Бишімбаевтың анасы сотта келінінің өлімін есіне алып, көзіне жас алды
Фото: Orda.kz
Астанада бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы өзінің туысы Бекзат Кемелованы алаяқтық жасады деп айыптады. Қазір іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттағы мәліметке сүйенсек, Альмира Нұрлыбекова өзінің туысы Бекзат Кемелованы 990 мың АҚШ долларын (айыптау актісіне сәйкес 453 млн 182 мың 400 теңге) иемденді деп айыптап отыр.
Талқылау басында жәбірленушінің адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Бекзат Кемеловадан келтірген шығынды өндіруді сұрады.
«Мен Кемелованы 15 жылдан астам уақыттан бері жақсы танимын. Ол менің күйеуімнің немере ағасының әйелі», — деп сөзін бастады Нұрлыбекова.
Альмира Нұрлыбекованы Антикордағы бір туысы тінту жұмыстарын жүргізуі мүмкін екенін айтып, қорқытқан.
«Мен оның сөзіне құлақ асып, ақшаны кімге бере алатынымды талқыладық. Менің туыстарым көп. Ол менің 30 туысымның Антикор тізімінде бар екенін айтты. Бұл тізімде тек Кемеловтар жоқ. Мен оған ақшаны сақтай тұруға бердім», — деп сөзін жалғастырды екі рет сотталған министрдің анасы.
Алайда Кемелова ол ақшаны қайтармаған көрінеді. Қуандық Бишімбаевтың анасының айтуынша, Кемелова бір адамның Америкаға ақшаны әкетіп қалғанын айтқан. Содан кейін Бишімбаевтар оның күйеуін шақыртып, мәселені талқылаған.
«Содан кейін Бекзат маған қоңырау шалып, жылай бастады: «Неге оған ақша туралы айттың? Күйеуім мені ұрды, тепкіледі. Қазір бүйрегім ауырады» деп. Ол маған жақсылық жасап, ақшаны сақтап қалғысы келгенін айтты», — деді Альмира Нұрлыбекова.
Бекзат Кемелованың өзі кінәні мойындамай, Бишімбаевтар отбасының талабы негізсіз екенін айтты.
Сотталушының адвокаттары Бишімбаевтар таққан айыптың басқа нұсқасын ашты. Олардың пікірінше, бұрын медициналық сарапшы болып жұмыс істеген Кемелованың күйеуі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру бойынша сараптаманы қолдан жасауға көмектесуден бас тартқан. Бұл айыптау — Бишімбаевтардың кек алуы болуы мүмкін екен.
Қуандық Бишімбаевтың отбасы экс-министрді есі дұрыс емес деп тануға тырысты ма деген сұраққа анасы жауап берді.
«Мен ақылды және білімді ұлымды ақыл-есі кем деп санамаймын», — деді ол.
Нұрлыбекова келіні Салтанат Нүкенованың өлімін еске алып, көзіне жас алды.
Айта кетейік, Бишімбаевтың анасы Анна Чернованың да үстінен шағым түсірген еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды