Бишімбаевтың әкесінің қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Бұл туралы экс-министрдің анасы Астанада өтіп жатқан сот отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өз сөзінде ол оқиғаның 2023 жылдың 9 қарашасында болғанын айтты.
«2023 жылдың 9 қарашасында мен жолдасыммен үйде болдым. Сол күн біздің өміріміздегі ең ауыр күн болды. Жолдасымның жағдайы күрт нашарлап, бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. Алайда олар көмектен бас тартты. Жолдасым онкологиялық аурумен ауырады, жүрегі де сыр берді. Бұл жағдайдың неден болғанын бүгінге дейін түсіне алмай келеміз», – деп мәлімдеді Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова.
Айта кетейік, Астанада алаяқтық ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр. Істе бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туыстарының есімдері аталды. Прокурордың мәліметінше, сотталушы Бекзат Кемелова (Альмира Нұрлыбекованың абысыны) Бишімбаевтың анасында 990 мың доллар бар екенін біліп, ұлына қатысты тергеу жүріп жатқанын, оның күйзеліске түскен сәтін пайдаланып, иемденіп кеткен.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады