Бишімбаев қорғаушылардың өтінішімен келісті

cover Фото: Ашық дереккөзден

Экс-министр Қуандық Бишімбаев қорғаушылардың өтінішімен толыққанды келісетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Қорғаушыларымның барлық өтініштерімен келісемін, басқа оқылған өтініштерді сот қарауына қалдырамын», - деді Бишімбаев.

Еске салайық, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев 9 қараша күні әйелін ұрып өлтірді деген айыппен ұсталған болатын. Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары 8 қаңтар күні аяқталды. 11 қаңтарда Бишімбаевты қамауға алуы 9 наурызға дейін созылғаны белгілі болды. Бүгін соттың екінші отырысы өтіп жатыр. Ал Бишімбаев күні кеше өз кінәсін мойындамады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар