Біреуі ғана ұсталды: Шымкентте бір топ адам автобус жүргізушісін өлімші етіп сабап кетті
Фото: Orda.kz
Шымкентте жолақысын талап еткені үшін автобус жүргізушісін өлімші етіп сабап кетті. Басымды балғамен ұрып, бетімді кастетпен жыртып жіберді деген Мақсат Жолаев қазір ауруханада жатыр. Сөзіне сенсек, қоғамдық көлік жүргізушісіне бір адам ғана күш көрсетпеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленуші жолаушы жігіт пен оны аялдамада күтіп тұрған достары жабылғанын айтады. Алайда, жалғыз ғана адам күдікке ілініп, жауапқа тартылған.
Жүріп-тұрмақ түгілі, сөйлеудің өзі мұңға айналған Мақсат Жолаевтың төсек тартып жатқанына бір аптадай болды. Қоғамдық көлік жүргізушісі төлем жасамай түсіп бара жатқан жолаушыға ескерту жасаймын деп соққы астында қалған. Жолаушы әуелі есікті ашпай қойған жүргізушіні балағаттап, кейін төбелеске шақырған. Ал оны аялдамада бір топ достары күтіп тұрған.
«Түссем мына жақта үш бала күтіп тұр екен. Біреу басымнан балтамен ұрды. Біреуі қолындағы кастетпен жағымнан ұрды. Жағым жыртылып кетті. Сонымен талып қалдым. Не болғанын білмеймін. Ешкім арашалаған жоқ ол жерде. Тұрғандардың бәрі әйелдер еді», – деді жәбірленуші Мақсат Жолаев.
Таяқ астында қалған жүргізуші жедел-жәрдем көлігінде бір-ақ есін жиған. Сөйтіп, жансақтау бөліміне түскен Жолаевтың қазір беті бері қараған.
«Түскен кезде басында жарақаттар болған. Дәрігер қабылдау бөлімінде алғашқы көмек көрсетіп, кейін жедел көмек қажет болғандықтан оны нейрохирургия бөліміне жатқызған. Қазір науқас ем алып жатыр. Жағдайы орташа, бір қалыпты», – деді дәрігер Ерлан Құрбанқожаев.
Қазір бұл іске қатысты бір адам ғана күдікке ілініп, қамауға алынған. Төсек тартып жатқан жүргізуші болса бір емес, бірнеше адамның ұсталуы керек екеніне сенімді. Сондықтан озбырлық көрсеткен өзгелері жазасыз қалмасын дейді.
«Осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу соты шешімімен күдіктіге қатысты күзет қойып, ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді Шымкенттегі полиция департаменті.
Бұған дейін жедел-жәрдем көлігін тізгіндеген Мақсат Жолаевтың коғамдық автобусқа ауысқанына биыл 5 жыл болған. 36 жастағы азамат отбасының жалғыз асыраушысы 4 баланың әкесі.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?