«Бір нәрсені қайталап сұрадыңыз»: Хасан Қасымбаевтың сотында адвокат судьяға 6 мәрте қарсылық білдірді

Талғар қаласында Хасан Қасымбаевқа және тағы бес адамға қатысты сот отырысы өтті. Бұл жолы сот отырысында жәбірленушілерден жауап алу жалғасты. Осы жолы да айыптылардың адвокаты судьяға қарсылық білдірді.
Orda.kz тілшісі Талғар қаласында болып жатқан сотқа қатысып ақпарат таратады.
Бүгінгі сот отырысына айыпталушылар толық қатысты. Оқиға күні болған жағдайды өз көзімен көрген куәгерлерден жауап алынды. Айта кетейік, 2021 жылы Хасан Қасымбаев ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген еді. Ал Арман Әлімов дүкеннің алдында оны соққыға жығып көлікке салып алып кеткені туралы сотта айтты.
Хасан Қасымбаевпен бірге Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров есімді азаматтар да айыпталып отыр. Олар Арман Әлімовті дүкеннің алдында күш көрсетіп алып кеткен.
А.Бибекова және А.Бекетова есімді куәгерлер сотта жауап берді. Бекетова сыра сататын дүкенде жұмыс істеп, сол оқиғаны өз көзімен көрген. Ал Бибекова болса, Әлімовті алып кеткен дүкеннің маңайындағы «Виктория» атты екінші дүкенде жұмыс істеген.

Жауап алу кезінде куәгер Бибекова Хасанның қорғаушы адвокаттарының қойған сұрақтарына наразылық білдірді. Оның айтуынша, оқиға кезінде ол дүкеннен шығып кім-кімді ұрып жатқанын анық көрмеген.
«Сіздер бір нәрсені қайта-қайта сұрап отырсыздар. Бірақ мен не көргенімді айтып отырмын. Олардың бойы қанша, көліктің есігі ашық тұрды ма, жоқ па, мен көрмедім. Ол кезде мен шок болып қалдым. Ол жерде балалар жүр. Ал ана жерде адамды ұрып жатыр. Сіздер қалай-қалай сұрақ қойып жатырсыздар? Иә, бұл сіздердің жұмыстарыңыз түсініп тұрмын, бірақ төбелес болған жер мен менің арақашықтығымның қанша болғанын мен есептеп отырамын ба?», – деп куәгер өз наразылығын адвокаттарға білдірді.
Соттағы 6-шы шеттету
Бибековадан кейін куәгер болып Р.Исаинов сөз сөйледі. Дәл сол сәтте сотта дау туып, Хасанның қорғаушысы Ерлан Меңдешов сотта осымен 6-шы рет шеттету жасады. Шеттетудің себебі – 6-куәгердің сотқа келмей қалуы. Куәгердің сотқа келмеуінің де өзіндік себебі бар. Қасымбаевтың мүддесін қорғаушылардың сөзіне сүйенсек, келмей қалған куәгердің отбасында қайғылы жағдай болған, сол себепті сот отырысына қатыспаған.
Хасанның жолдасының айтуынша, бүгінгі сотқа негізі 10 куәгер келуі керек болған. Алайда оның тек 5-еуі ғана сотта жауабын береді. Қалғаны түрлі себептермен жауап беруден ат тонын ала қашып тұр.
Соттың басынан бері 6-шы рет шеттету жасалғанымен, судья Түкібаева «шеттету фактісін» 6-шы рет растамады.
Сот аяқталған соң Хасанның қорғаушы адвокаты Гүлмира Бабажанова пікір білдірді.
«Исаинов Ринат Тәжиевті кафеге алып барғанын сотта айтты. Бірақ кафенің ішінде төбелес болғанын мен көрген жоқпын дейді және Тәжиевке ешқандай қысым болмады. Қасымбаев Хасанды мүлдем көрген жоқпын дейді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде «Хасанға ұқсайтын біреу» деп жауап берген», – деді адвокат Гүлмира Бабажанова.
Сондай-ақ адвокат жауап алу кезінде Хасанның сол жақта болғаны жазылып кеткенін, келесі сотта тергеушілер мен Тәжиевтің мүддесін қорғаушылар болатынын айтты.
Еске сала кетейік, Алматыда Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сотта жәбірленушілер сөз сөйледі. Дүйсеева: «қажылыққа арзан бағамен апарамын» деп елді миллиондаған қаражатқа алдаса, Сариев науқастардың сеніміне кіріп: «халыққа 35 млн жинап беремін» деп қызметі үшін 1,5 млн теңге талап еткен. Orda.kz тілшісі ол соттан да ақпарат таратады.
Жаңалықтар
- Мбаппе, Винисиус, Беллингем мен Куртуа Алматының жасыл алаңында
- «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадридке» қиындық тудыруы мүмкін — Хаби Алонсо
- Қазақстандық «Кадет» көркем фильмі Оскарға ұсынылды
- «Бір нәрсені қайталап сұрадыңыз»: Хасан Қасымбаевтың сотында адвокат судьяға 6 мәрте қарсылық білдірді
- Бейбіт Қорған ұсталды
- Елімізде сегіз өңірдің бас прокуроры ауысты
- Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
- Тоқаевтың халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
- Тоқаев пен Италия президенті бірін-бірі орденмен марапаттады
- «Реал Мадридтен» қорқудың еш қажеті жоқ – «Қайраттың» бас бапкері Уразбахтин
- Шығыс Қазақстан сол күйі жаңа уақыт белдеуінде қалады
- Әнші Рүстем Жүгінісов сотталды
- Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді
- «QAITADAN» фильмі үш аптада 1 миллиард теңге жинады
- Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды
- Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қонақүйде көз жұмды
- Тимур Тәшімбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды
- Ақорда Мұрат Нұртілеудің отставкасын түсіндірді
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды
- Ғани Бейсембаев отставкаға жіберілді