«Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды

cover Фото: freepik.com

Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚМА мәліметінше, аурухананың бас бухгалтері медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеріп, мемлекет қаржысын жымқырған. Атап айтқанда, бір кереуіттің бағасы 1,2 миллион теңгеге бағаланған. Нәтижесінде 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. 

Бірақ шын мәнінде кереуеттің нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған. Көрсетілген бағадан үш есе арзан болған.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Айта кетейік, қаңтарда Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін одан АИТВ (ВИЧ) анықталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар