Бір донордың көмегімен бірнеше адам құтқарылды
Фото: ҚР ДСМ
Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы ер адам қайтыс болғаннан кейін донор болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның жақындары ағзаларын алуға келісті, дәрігерлер еліміздің әр өңіріндегі пациенттерге жүрек, бауыр және екі бүйрегін ауыстырды. Осының арқасында кішкентай бала мен бірнеше ересек адам өмір сүруге мүмкіндік алды.
Операцияны Республикалық транспланттау орталығының мамандары ҰҒМО және UMC бригадаларымен бірлесіп жүргізді. Өңірлік үйлестірушілер де жұмыс істеді, ал полиция қызметкерлері дәрігерлерді тез арада жеткізіп, ілесіп жүруді қамтамасыз етті.
Бүгінде Қазақстанда органдарды «күту парағында» 4300-ден астам адам бар, олардың ішінде 120-дан астамы бала. Олардың әрқайсысы үшін донорлық ағза - өмір сүруге деген жалғыз үміт.
Маусым айында бір донор - бес адамды құтқарып, министрлік барлық отаның сәтті өткенін мәлімдеді. Алматыда екі зағип науқастың көру қабілеті қалпына келді. Көзге жасалған ота сирек кездесетін мультиоргандық трансплантацияның бір бөлігіне айналды.
Ақпан айында төрт адамға донор болған 18 жастағы жігіттің құрметіне Астанада хоккей ойыны өтті.
Сондай-ақ, қаңтарда Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін одан АИТВ (ВИЧ) анықталды.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті