Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі

cover Фото: gov.kz

Ғылым министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқу үшін қазақстандықтарға грант береді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын дамытуға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан азаматтарына мемлекеттік грант бөлетін болады.

Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Қазақстандағы талантты талапкерлер үшін жақсы мүмкіндік.

«Қазір біз осындай саясатқа көшіп жатырмыз, осы филиалдардың дамуын қолдау үшін алғашқы 5–10 жыл ішінде олардың әрқайсысына грант бөлінеді. Ол грант міндетті түрде Қазақстан азаматтарына арналған болады. Бұл – біздің талантты жастарымыздың шетелден мүмкіндік іздемей, өз елімізде сапалы білім алуына ең жақсы мүмкіндік. Оның үстіне, қазір шетелдегі жағдай күрделі, виза, көші-қон режимі өзгеріп жатыр, тұрақсыздық байқалады», – деді Нұрбек. 

Ол сондай-ақ қазіргі таңда бәсекеге қабілетті білім алу үшін бакалавриат деңгейінде міндетті түрде шетелге шығудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар