Білім беру саласын қаржыландыру 482,3 млрд теңгеге өседі

cover Фото: Алматы қалалық әкімдігі

Алматыда биылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау үшін қалалық мәслихаттың XXII сессиясы өтті. 

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин өз сөзінде атап өткендей, мегаполис бюджетіне жоспарланған өзгерістер сомасы 83 млрд теңге болды. 

Бұл туралы Алматы қаласының  әкімдігі хабарлады.

«Аталған бюджетті нақтылауда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ішкі қайта бөлу және өткен жылдан бастап 28,1 млрд теңге сомасында бос қалдықтарды пайдалану есебінен пайда болған 54,9 млрд теңге сомасындағы қаражат пайдаланылатын болады», - деп түсіндірді А.Әмрин.

Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбековтың айтуынша, аталған қаражат қала тұрғындары үшін басым және әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Олардың бірі – білім беру саласына. Бюджетті нақтылау шеңберінде білім беру саласындағы қаржыландыру 482,3 млрд.теңгеге немесе қала бюджетінің 26%-на дейін ұлғайтылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар