Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
Фото: Global look press
Тоқаев қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды.
Тыйым заңда белгіленген ерекше жағдайларды қоспағанда, барлығына ортақ.
Бетті жабатын киімді тек мынадай жағдайларда киюге рұқсат етіледі:
- заң талаптарын орындау кезінде;
- қызметтік міндеттерге байланысты;
- медициналық көрсеткіштер бойынша;
- қолайсыз ауа райынан қорғану үшін;
- азаматтық қорғаныс мақсатында;
- спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысушылар үшін бетті жабуға рұқсат етіледі.
Бұл талаптар «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында бекітілді.
Еске сала кетейік, Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы никаб кию исламда міндетті емес екенін және елдің ұлттық дәстүрлеріне қайшы келетінін жариялады.
Жаңалықтар
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар