Бесағаш ауылына сел қатері төнді: тұрғындар президенттен көмек сұрайды
Фото: Бейнеден кадр
Бесағаш тұрғындары Іле-Алатау қорығының қорғау аймағында заңсыз қазылып жатқан жер жұмыстарына байланысты президент пен премьер-министрге үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар жер иесі шамамен бес гектар жердің құнарлы топырағын алып тастап, сел қауіпі төнген аймақта тауды қашап жатқанын айтады.
Жердің «Шаруа қожалығына арналған жайылым» деген жеке меншік құжаты бар, бірақ мұндай жұмыс істеуге рұқсат беретін бірде-бір арнайы құжат жоқ. Тұрғындар мердігерден құжат көрсетуді сұрағанда, учаскеде ештеңе болмаған.
«Бұл жер – сел жүру қауіпі бар аймақ. Жақында Бесағашта (Бурабай ықшамауданында) жиналыс өтті. Соған қарамастан, мердігер тауды кесіп жатыр. Мемлекеттік органдар тексеріс жүргізсін», – дейді ауыл тұрғындары бейнеүндеуде.
Әкімдік заң бұзушылықты тоқтатуды талап еткенімен, қарашада жұмыс қайта басталып, бұрынғыдан да қарқынды жүргізілген. Жер иесі былтыр бюджет қаражатына салынған қар суынан пайда болатын селді бұратын арнаны да қиратып тастаған.
Тұрғындардың айтуынша, мемлекеттік органдар мен полиция олардың шағымдарына дұрыс көңіл бөлмей отыр. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы «қайта бұзу» деп қысқа жауап қайырып, жаңа фактілерді тіркемеді.
«Жер иесі өте ықпалды адам секілді. Қанша уақыт күттік... Еш жауап жоқ. Хат та жаздық, бәрін істедік. Біздің дауысымызға құлақ асыңыздар», – дейді ашынған тұрғындар.
Тұрғындардың шағымына мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек назар аударды. Ол жағдайды өз көзімен көріп, тексеруге уәде берді.
Бір жарым жыл бұрын Базарбек Алматы маңындағы табиғатты қорғау аймақтарын түгендеп, тәртіпке келтіруді талап еткен еді. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады