Бес облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

cover

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бес күре жол жабылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жамбыл облысында тұман мен жел салдарынан Алматы-Ташкент-Термез тас жолы жабылды. Онда 159 шақырымнан 238 шақырымға дейінгі 79 шақырым учаскеде (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) көлік қозғалысы шектелді. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу өңіріндегі қарлы бораннан  Үшарал – Достық ст., Көктұмадан  Достық ст.дейін  күре жолы жабылды.

Қарағанды ​​облысында қарлы боран салдарынан Екатеринбург – Алматы солтүстік-шығыс айналма жолының ауылдан шығатын бөлігінде Пришахтинск ауылынан Жаңа ауылғай дейінгі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Жезқазған-Петропавл күре жолы бірден екі облыста – Ұлытау мен Қостанайда жабылды. Шектеу Арқалықтан Ұлытауға дейінгі аумақта қолданылады.

«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлағандай, жолдарда 337 техника мен 457 адам жұмыс істеуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар