Берік Уәли сотталған адаммен түскен фотосына қатысты түсініктеме берді
Фото: әлеуметтік желі
Абай облысының әкімі Берік Уәли әлеуметтік желіде тарап кеткен «Әліби ісі» бойынша істі болған Арман Әбілтаевпен түскен суретіне қатысты елге жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Берік Уәлидің айтуынша, ол Әбілтаевпен таныс емес. Шенеунік оның өткеніне қатысты мәліметті сурет жарияланғаннан кейін ғана білгенін айтты.
«Оның бұрын сотталғанын кейінірек білдік әрі біз үшін күтпеген жағдай болды. Құрылысшылармен кездестік, олардың арасында осы кісі де болды. Сол кезде бәрімен бірге суретке түстік. Кейін ол оны Instagram-ға жүктеген. Шынымды айтсам, оның не үшін сотталғанын да білмедім. Мұны өздеріңізден, журналистерден естідім», – деді Уәли.
Сонымен қатар, кездесудің жеке кездесу болмағанын ерекше атап өтті.
«Мен күн сайын өте көп адаммен кездесемін, бәрімен суретке түсемін. Мұнда қандай да бір сенсация бар деуге негіз жоқ», – деп қысқа қайырды әкім.
Еске сала кетейік, Арман Әбілтаев елдегі ең резонансты істердің бірі — «Әліби ісі» бойынша сотталған. 2015 жылы ол Әліби Жұмагұловқа ауыр жарақат келтірді деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін жаза 8 жылға дейін қысқартылды, ал 2018 жылы Әбілтаевтың жазасы айыппұлға ауыстырылғаннан кейін, көлемі бір миллион теңгеден асатын айыппұлды төлеп, бостандыққа шықты.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті