Берденовтің сотындағы тосын жайт: Судья журналистке тілін шығарды
Фото: Бейнеден кадр
Журналист Ботагөз Омарова Шымкентте Берденовтің ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысынан күтпеген сәтті әлеуметтік желіде жариялады. Ол жариялаған бейнежазбада сотқа төрағалық еткен судья Әбінұр Қарабаев тілшіге тілін шығарғаны көрінеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ботагөз Омарова тілін шығарған судьяны бірінші рет көріп тұрғанын айтты.
«Менің журналистік тәжірибемде небір жағдай болды. Бірақ судьяның тіл көрсеткенін алғаш рет көруім. Бүгін Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қатысты процеске қатысып отырғанда, төрағалық етіп отырған судья Қарабаев маған кенеттен тілін көрсетті. Әрине, таңқалдым. Сол сәтті бейнежазбаға түсіріп, сіздерге жария етуді жөн көрдім» деп жазды Омарова.
Ол судьяның әрекетін өзінше болжап, әзіл-шыны аралас бірнеше нұсқа ұсынды:
- «Судья Қарабаев Шымкентте алғаш рет астаналық журналисті көріп отыр»;
- «Ол іштей тик-токқа әуес болып, тренд жасамақ болды»;
- «Мен сондай тартымды әйелмін. Бәрін толқытып жіберемін. Судьяның өзі менің алдымда өзін ұстай алмайды».
Омарова тибеттік дәстүрді де еске салды:
«Тибетте тіл шығару – сәлемдесу. Себебі аңыз бойынша, жындардың тілі жасыл болады екен. Сондықтан тілін көрсеткен адам өзінің таза екенін дәлелдейді».
Алайда ол жазбасын әзілмен аяқтады:
«Мен Тибетте емеспін, Шымкенттемін. Сондықтан Қарабаев мырзаның бұл қылығына таңқалдым. Бірақ ол жын-шайтанмен жолықпайды деп сенемін. Барлығы жақсы. Уайымдаудың қажеті жоқ. Әріптестер, мүмкін ол басқаға да тілін көрсеткен шығар?».
Еске сала кетсек, Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сот отырысына жәбірленуші Руслан Берденов онлайн түрде қатысқан еді. Ол айыпталушы Жиенбайдың сөздерін жоққа шығарып жатыр.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды