Белгілі қазақстандық режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

cover

Алматыда 8 шілдеде таңертең танымал қазақстандық режиссер және сценарист Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ақпаратты Мәдениет министрлігі растады.

Нарымбетов Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы – сценарист, кинорежиссер, жазушы.

1946 жылы 8 наурызда Шымкент облысы, Түркістан ауданы, Ашысай ауылында дүниеге келген.

Оның фильмдері: «Аманат», «Мұстафа Шоқай», «Степной экспресс», «Ләйләнің зары», «Омпа», «Жизнеописание юного аккордеониста», «Дон Кихот моего детства», т.б.

Еске салсақ, бұған дейін ол ауруханаға жағдайы нашарлап түскен. Сөйтіп комадан бірақ шыққан. Белгілі болғандай режиссердің бұрынғы асқазан жарасы ашылып кеткен. Оны Смағұл Елубай өзінің жазбасында айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар