Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті

cover Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан 57 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қытай елінен атажұртқа көшіп келген әншінің қазасы туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мәлімдеді. 

«Гүлзира Бөкейхан – шет елде жүріп-ақ қазақтың қасиетті ән өнерін сақтап, елге оралған соң ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан бірегей жан еді. Ол Қытайда туып-өскен қазақтар арасынан алғаш болып елге танылған өнер жұлдызына айналып, халқымыздың мәдени мұрасын жаңа белеске көтерді» деп жазды қауымдастық мүшелері. 

Гүлзира Бөкейхан тарихи Отанына оралғаннан кейін Алтай-Тарбағатай өңірінде сақталған көне халық әндерін жаңғыртуға айрықша үлес қосты.

Ол 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесінде дүниеге келген. 1983 жылы Іле облыстық өнер колледжіне оқуға түсіп, 1986 жылы аталған білім ордасын тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын Іле облыстық Қазақ ән-би театрында бастады.

1999 жылы тарихи Отанына оралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасына қабылданды. Мұнда ол КСРО халық әртісі Роза Жаманованың жетекшілігімен білім алып, 2001 жылы оқуын сәтті аяқтады. Осыдан кейін өнер иесі Астана қаласына жұмысқа шақырылды.

Астана мемлекеттік филармониясында және президенттік мәдениет орталығында әнші болды.

Айта кетейік, Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар