Bek Air ұшағының апаты: Тергеу қайта басталуы мүмкін

cover Фото: Orda.kz

2019 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған «Bek Air» әуекомпаниясының ұшағына қатысты тергеу ісі қайта басталуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабев айтты.

Министр Қарабаев «Bek Air» әуекомпаниясының «Fokker-100» ұшағы апатқа ұшырауына қатысты істің аяқталғанын еске түсірді. Бірақ бес жылға жалғасқан бұл атышулы апаттың тергеу ісі қайтадан жандануы мүмкін екен. 

 «Қазір әуекомпанияның бір қызметкерінен түскен шағым бар, оған сәйкес тергеуді қайта бастау туралы мәселе қаралуда», – деді Қарабаев мәжіліс дәлізінде.

Ведомство басшысы тергеу барысын өзі қадағалап, назарда ұстайтынын айтты.

«Мұны біздің ведомствоға қарасты департамент атқарады және бұл менің функционалдық міндеттерімнің бірі», – деді министр. 

Қайғылы оқиға 2019 жылы болған еді. Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақ таңғы 07:22-де апатқа ұшыраған. № Z2100 рейсті ұшақ көтеріле бере биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан 12 адам көз жұмды. 49 адам зардап шекті. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.

Мемлекет басшысы сол жылғы 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар