Батыс Қазақстан облысында ұсақ малдың жаппай қырылуына қатысты тексеру жүруде

cover Фото: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуына қатысты тексеру жүргізді. 

Бұл туралы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті хабарлады.

Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды. Оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтты.

«Анықталғандай, 24 шілде күні таңғы сағат 6:00-ден бастап Казталов ауылында қатты жаңбыр жауған. Шопан жайылымнан қойларын ауылға айдай алмай, Казталов ауылдық округіндегі Мышым қыстауына тастап кеткен. Нәтижесінде 25 шілдеге қараған түні 38 бас қой-ешкі қырылды. Сол күні ветеринарлық қызмет мамандары өлекселерді мал қорымына шығарды. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін өлген 2 бас қой мен 1 ешкіден патологиялық материалдар іріктеліп алынып, АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық ветеринарлық зертханасына жіберілді» деді комитет.

Нәтижелері 5 тамызда дайын болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар