«Бәс тігіп, түрмеге төбелеске апарған»: 26 жарақат алған сарбазды офицерлер қалай өлтірген?
Фото: жеке мұрағатынан
Бүгін Алматы гарнизонының әскери прокуратурасында бас сүйегі сынған, үш жерден пышақталған және барлығы жиырма алты жарақат алған сарбаз Алмас Шахимовтың өліміне қатысты сот отырысы өтті. Жәбірленуші тарап келмегендіктен процесс бар болғаны төрт минутқа ғана созылып, сот кейінге қалдырылды. Осы уақытқа дейін жәбірленуші Алмастың анасы — бірде-бір сот отырысына қатыспаған. Соған қарамастан судья Айдар Секенұлы істі жәбірленушісіз қарап, сотты жарыссөз кезеңіне дейін жеткізген. Ал бүгін тілшілер келгеннен кейін «жәбірленуші тарап келмеді» деген себеппен сот отырысы төрт минутта аяқталды.
Оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.
Анасы бір ай бойы сот отырысына қатыспады. Оның орынды себебі бар.
Тілшілеріміз анықтағандай, Алмастың анасы Индира ханым сот басталғалы бірде-бір отырысқа қатыспаған. Сот жарыссөз кезеңіне жетсе де, жәбірленушісіз өткені заңға қайшы болған соң, судья прокурорға «жәбірленушіні қатыстыру» жөнінде нұсқау берген.
Orda.kz тілшісі Индира ханыммен сөйлесіп, неге сотқа қатыспай жүргенін сұрап білді.
«Сот басталмай тұрып-ақ, қатыспайтыным туралы өтініш жазып бердім. Өйткені қылмыстық іс өте жеңіл баппен қозғалды. Бұл офицерге бар болғаны бір жыл ғана жаза қарастырылған. Олар бапты ауырлатқысы келмейді. Баламды қасақана өлтірді. Мен де, адвокатым да сотқа қатыспадық. Бірақ олар біз қатыспасақ та сотты жалғастырған. Бұл — заңбұзушылық. Жәбірленуші жоқ жерде сот өтуі мүмкін емес», – дейді ол.
5571 әскери бөліміндегі көз жұмған сарбаздар: Шахимов қана емес
Редакция бұған дейін Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде қаза тапқан Алмас Шахимов туралы жазған. Осы бөлімде қызмет еткен Ербаян Мұхтар да кейін мүгедек болып оралған. Алмас Шахимовтың денесінде үш пышақ жарасы бар, жалпы 26 жарақат болған. Соған қарамастан ресми нұсқада «шатыр құлап қаза тапты» деп көрсетілген. Отбасы сарбаздың денесін табытпен ғана алып кеткен.
«Ұлымды қасақана өлтірді» — ананың сөзі
«Ұлымның бас сүйегі сынған. Үш жерден пышақталған, денесінде 26 жарақат бар. Арқасын темекімен күйдірген, қылқындырып азаптаған. Соған қарамастан істі 452-баптың екінші тармағымен өткізіп отыр. Бұл — офицер бір жыл шартты жазамен немесе амнистиямен құтылып кетеді деген сөз», — дейді ол.
Анасы әділдік іздеп, эксгумация жасатып, тәуелсіз сарапшы жалдаған. Бірақ бұл кезде де күмәнді жағдайлар туындаған.
«Эксгумация кезінде бір сарапшы баламның мойын сүйегін ата-анасының рұқсатынсыз алып, жойып жіберген. Мұны бір жылдан кейін ғана білдім. Бұл — дәлелді әдейі жою», — дейді Индира.
Orda.kz тілшісі айыпталушы офицер Дәурен Байызбековтен пікір алмақ болған, бірақ офицер жауап беруден бас тартты.
Алмастың анасына бірнеше рет «балаңыз түрмеде қайтыс болды» деген хат келген.
Индира ханымның айтуынша, ұлын 8-нен 9-на қараған түні түрмеге апарып, ережесіз жекпе-жекке салғаны туралы да ақпарат болған.
«5571 әскери бөлімінің қарсысында түрме бар. Осыдан біраз уақыт бұрын маған хаттар келе бастады: “Балаңыз түрмеде қайтыс болды. Командир оны төбелестіруге апарған, содан кейін КамАЗ-пен шығарған” деген. Бұны айтқан адамның атын атай алмаймын. Өміріне қауіп төнуі мүмкін. Алмастың қатарында болған жігіттердің аналары да балаларын сөйлестірмей отыр. Қорқады. Ешқайсысы “шатыр құлады” дегенге сенген жоқ. Үш жыл болды, әділдік таппай келемін», – дейді Индира.
Индира ханым редакцияға Алмастың экспертизадағы суреттерін көрсетті. Суреттерді көрген әр адам «шатыр құлаған» нұсқаның қисынсыз екенін айтады. 5571 әскери бөлім бір сарбазды мүгедек етіп, бір сарбазды жер қойнына тапсырды. Бірақ әлі күнге дейін ешкім қатал жауапкершілікке тартылған жоқ.


Жәбірленуші тарап судья Айдар Секенұлының жәбірленушісіз өткізген сот отырыстары бойынша жауап беруін талап етеді. Ол жәбірленушінің қатысуынсыз сотты қандай мақсатпен және қандай негізге сүйене отырып жүргізді? Судьяның бұл әрекетіне Жоғарғы сот қандай баға береді?
Orda.kz бұл істі қадағалап, ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, 41 жастағы ер адам көз жұмды
- Баласының еміне 1,5 млрд теңге жинап, ақшаны жеке мақсатқа жұмсаған ерлі-зайыпты сотталды
- Қызылордада ер адам көршілерін пышақтап тастады
- Алматыда актер Мұрат Бисенбинмен қоштасты
- Әйелдің жаны, үш отбасының қасіреті: Айзат Жоломанованың ісі бойынша соңғы сот отырысында ақиқат ашылды ма?
- ШҚО-да дәл Рождество күні бірнеше адамның өлімі тіркелген
- Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның анасы ұлын жақтап шықты
- Шымкенттегі сарбаздың қазасы: Істі Бас әскери прокуратура өз бақылауына алды
- Талдықорғанда Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды
- Сот Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының банкрот деп тану жөніндегі өтінішін қайта қарайды
- Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Атырау облысындағы жұмбақ өлім: Бүтін бір отбасын жайратып салған күдікті «Самурай» кім?
- «Адамзатты жаңа деңгейге жетелеу»: Назарбаевтың немересі өзін тәлімгер ретінде жариялап, рухани жоба бастады
- Полиция жоғалып кеткен отбасының ісі бойынша атыраулық «хакерді» іздестіруде
- Жүргізуші куәлігінсіз мас болып көлік тізгіндеген елордалық судья айыппұлмен құтылды
- Жамбыл облысында мерзімді қызметкердің жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде 2026 жылы тұрғын үй бағасы қалай құбылды
- Атыраудағы қанды қылмыс: Полиция «жоғалған» күйеу баланы ресми түрде іздеуге кірісті
- «Техникалық ақау»: Air Astana ұшағы мәжбүрлі түрде Бейжіңге қонды