Бас прокуратура Тоқаевқа Досаеваны жауапқа тартуға ұсыныс жолдады
Фото: gov.kz
Бас прокуратура президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мас күйі ұсталған азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны жауапқа тартуға ұсыныс жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 873-бабының тәртібімен мемлекет басшысының атына судья Досаеваны мас болып көлік айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыныс жолдады.
Бас прокуратура бұл мәселені Жоғары сот кеңесі қарайтынын мәлімдеді.
«Қазақстан Конституциясының 79-бабының 2-тармағына сай, судьяны ешкім өз бетінше қамауға ала алмайды. Күштеп әкеле алмайды немесе сот шешімі арқылы әкімшілік жаза қолдана алмайды. Егер судьяны қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет болса, ол тек президенттің келісімімен және Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына сүйене отырып қана жүзеге асады.
Яғни, судьяның тәуелсіздігін қорғау үшін оған қарсы қандай да бір шара қолдану ерекше тәртіппен ғана рұқсат етіледі», — деп түсіндірді Бас прокуратура.
Айта кетейік, 3 қараша күні судья Әсел Досаева мас болып көлік айдап бара жатқан жерінен ұсталған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды